Мемлекеттік тіл халықтар достығының дәнекері

Oinet.kz 05-08-2019

Screenshot_3.jpg 

«Жастар жылына» орай мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды.

 Шардара ауданында біршама этнос өкілдері өмір сүруде. Олардың үлкені де кішісі де мемлекеттік тілді үйреніп өскен орталарында құрметті жандар. Солардың бірі Анастасия Элизарова. Орыс ұлтынан болса да қазақ тіліне деген сый-құрметі ерекше. «Балбөбек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарып келе жатқан Анастасия бүлдіршіндерге мемлекеттік тілді дәріптеп келеді.

 Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар ұяшықта жасырылған салт-дәстүр жайындағы сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Кейін кез-келген жанрдағы қазақша мәтінді мәнерлеп оқыды. Үшінші кезеңде қазақ тілінің лексика мен грамматикасынан тест тапсырып, қазақтың ақын-жазуашыларының шығармаларын орындады.

    Шардара аудандық тілдерді оқыту орталығының мұғалімі Маржангүл Жұбаева алдағы уақытта мұндай сайыстар жалғасын табады дейді.

 



Иқандықтар жол азабынан құтылды
Ерекше балалардың әлемі


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×