Ерекше балаға күш қолданған қызметкер қамауға алынды
Алматы қаласында балаларды түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жедел-тергеу шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілііп жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерделенуде. Сондай-ақ куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде балалар орталығындағы жаттықтырушының кішкентай баланың қолын бұрап жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.


