Ираннан келетін босқындарға Қазақстан көмектесе ме?

Oinet.kz 03-03-2026

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанға Ираннан келетін босқындар жайлы пікір білдірді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, қақтығыс басталғалы бері Иранда немесе Таяу Шығыстың басқа елдерінде тұратын этникалық қазақтардан ресми өтініш түспеген. «Егер азаматтар өтініш білдірсе, мәселе олардың этникалық тегіне емес, азаматтығына байланысты қаралады», — деді Бақаев.

Ол  Қазақстан үшінші мемлекеттердің ісіне араласпау ұстанымын ұстанатынын және  Қазақстан өтініш түскен жағдайда қақтығысушы тараптар келіссөз жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстанда бір басында 1 015 пәтері бар адам бар
Алматыдағы оңалту орталығында мамандар балаларға қорлық көрсеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу