Шымкентте депутат төбелес шығарды
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Дулат Қуашбаев қатысқан жанжалдың бейнежазбасы пайда болды.

Оқиға 2025 жылғы 2 ақпанда Астанадағы «Аланда» қонақүйінде орын алған. Жанжалдан кейін депутат өзіне ауыр дене жарақатын келтірілгені және бұзақылық фактісі бойынша полицияға арыз түсірген. Оның өтініші негізінде қылмыстық іс қозғалған.
Алайда бейнебақылау камераларының жазбалары жанжалдың басталуына депутаттың өзі себепкер болғанын көрсетеді.
Осы жағдай бойынша ресми түсініктеме алу үшін материал Астана қаласының Полиция департаментіне жолданған, жауап әзірге күтілуде.


