Нұрайдың өліміне қатысты күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Oinet.kz 05-02-2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіге тағылған айыптардың бірі ауырлатылды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов мәлімдеді деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бабына қайта сараланған.

Аталған бап бойынша  жаза – 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына қамау, мүлікті тәркілеумен немесе онсыз.

Қазіргі таңда қылмыстық іс үш бап бойынша қаралып отыр. Атап айтқанда:

ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру;

ҚР ҚК 125-1-бабы – некеге тұруға мәжбүрлеу;

ҚР ҚК 115-1-бабы – сталкинг.

Осы өзгерістен кейін қазақстандық әкелер декретке шығуға асығатын болады
Талдықорғанда мамандандырылған ХҚКО мен полицияның экс-қызметкерлері сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу