Нұрлан Сабуровтың Ресейдегі концерті тағы да өтпейтін болды

Oinet.kz 29-01-2026 39

Ресейдің Екатеринбург қаласында 3 ақпанға жоспарланған комик Нұрлан Сабуровтың концерті өтпейтін болды.

image.png 

ЕЖ  Telegram-арнаның мәліметінше, іс-шараға билеттер концертке бір апта қалғанда толық сатылып кеткен. Алайда ұйымдастырушылар концерттің кейінге шегерілгенін растады. Олар мұны «еңсеруге болмайтын мән-жайлармен» байланыстырған.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, билеттер үшін төленген қаражат сатып алушыларға 10 күн ішінде автоматты түрде қайтарылады.

Айта кетейік, Нұрлан Сабуровтың Ресейдің бірқатар қалаларында жоспарланған концерттері 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап жаппай тоқтатыла бастады. Бұған комиктің кейбір әзілдері себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның Қазақстанға қоныс аударған ресейліктерді акцентпен «мигранттар» деп атауы және «Что было дальше?» шоуының бір шығарылымында Иса пайғамбарға қатысты айтқан әзілі қоғамда кең резонанс тудырған.

Обновленная преамбула Конституции отражает выбор зрелого государства — Айдос Сарым
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу