Үзіліс кезінде жағдайы нашарлаған. Қаскелеңде оқушы қайтыс болды

Oinet.kz 22-01-2026 53

Алматы облысының Қаскелең қаласында мектеп оқушысы көз жұмды.

image.png

Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем шақырылып, оқыс оқиға орын алғаны туралы ақпарат тарады. Жазба авторлары оқушының қайтыс болғанын хабарлаған.

Бұл ақпаратты Қарасай ауданының білім бөлімі растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, 15 жастағы 9-сынып оқушысының жағдайы таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде кенеттен нашарлаған. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.

Алайда дәрігерлер көрсеткен реанимациялық және медициналық көмекке қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Білім бөлімінің мәлімдеуінше, бұл жағдай марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл мектеп ұжымына ауыр қайғы болып отыр.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізуде. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілмек.

Енді медиктер 5 жыл сайын лицензия алуы тиіс
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу