Батыр аналарға лайықты құрмет көрсетілді

Oinet.kz 03-09-2022 355

Screenshot_66.png

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атынан көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті.

– Құрметті көпбалалы аналар, аяулы жандар, ардақты аналар! Сіздер үшін бүгін қос бірдей қуанышты күн. Марапаттарыңыз Білім күні мерекесімен қатар келіп тұр. Биыл ауданымызда мектептің табалдырығын 5 мыңнан аса оқушы аттады. Өткен жылға қарағанда оқушы саны артуда. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырған сіздердің үлестеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында деп білемін. Жыл сайын көпбалалы аналар мен балаларды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қамқорлықтар көрсетіліп келеді. «Отан отбасынан басталады» демекші, сіздер ұрпақты дүниеге әкеліп, мейірім сыйлап, үлкен азамат етіп өсіріп отырсыздар. Отбасыдан бөлек, сіздердің араларыңызда қоғамда түрлі салада еңбек етіп жүрген аналар бар. Өздеріңізге алғысымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға баянды бақыт, таусылмас қуаныш пен жақсылық тілеймін. Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер. Мемлекеттік наградаларыңыз құтты болсын! – деді Мадияр Мұхтарұлы. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі №969 Жарлығына сәйкес, жалпы 62 көпбалалы ана марапатталды. Марапатталғандардың ішінде басым көпшілігі үй шаруасындағы аналар. Ақсукент ауылынан 29, Ақбұлақ ауылынан 11, Арыс ауылынан 10, Қарасу ауылынан 8, Жібек жолы ауылынан 4 ана болды. Іс-шара соңында алтын құрсақты аналар аудан басшылығына өз ризашылықтарын жеткізді. 

Сайрамда 5 мыңнан аса бала алғаш рет мектепке барды
Тіл жанашырлары марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу