Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 метрлік құрақ көрпе

Oinet.kz 01-05-2021 716

Screenshot_2.jpg

Қазақ көрпесі отбасының беріктігіне, балаларының көп болуына игі әсерін тигізіп, байлық пен әл-ауқаттың тұмарындай үйді жылылыққа, үйлесімділікке толтырады. Құрақ көрпе – үйдің сәні, нәсібі мол кәсіп. Ұлттық болмыс ұғымдары бойынша аналарымыз құрақты «адамның басы құралсын, көбейсін» деген ырыммен тігеді.

Яғни, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде үшінші мегаполис тұрғындары өзге ұлт өкілдерімен бейбіт өмір сүрсін деген ниетте  "SHYMQALA" этно ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 метрлік құрақ көрпе тарту етілді.

Құрақтан жасалған заттарға зер сала назар аударса, сан қилы сәнді түстердің бір-¬бірімен үйлесім тауып, әсемдік әлеміне тартып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Құрақ, негізінен, түрлі-түсті маталардан құ¬ралатыны белгілі. Этнографтардың ай¬туынша, ұшбұрышты құрақтардың мәні ерекше. Қазақи көзқарас бойынша үш¬бұ¬рыш су, жер, ауа – үш ғаламның бел¬гісі бо¬лып есептеледі. Егерде осы үшбұ¬рыш¬тың ішіне қошқар мүйіз оюын салса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақ¬тардың ұғы-мында – ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық кіріс пен шығысты, қиысуды бел¬гілейді.


«Taht Istanbul» енді Шымкентте де бар
Шымкентте саумал іздеп сабылмайсыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу