Шымкентте саумал іздеп сабылмайсыз
Цитадель. Қолөнершілер ауылы. Егер әрқайсымыз салт-дәстүрімізді тәрбиенің бесігі деп қабылдасақ балаларды осында әкелуіміз керек. Қолының икемі бар ұл-қыздарымыз қолөнершілердің жанында шәкірт боп қалуы әбден ықтимал. Шеберлер тегін кәсіп үйретеміз деп отыр. Екінші, Шымкентте тұратын әр ұлттың АНАЛАРЫ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап 30 құлаш көрпеше тігіпті. Құрақ көрпеше. Бұл қол еңбегінде Аналардың баласына, еліне, мемлекетіне тілеген ақ пейілі жатыр. Үшінші, кілемдер. Бір ғана сырын айтайын әр түстің, әр бояудың бүккен құпиясы, айтар сыры бар. Үй иесінің сараңдығын кілемге қарап та байқаған. Солай. Қазақ осындай мықты халық болған. Бұл туралы маған салт-дәстүрге келгенде білмейтіні жоқ
Енді Шымкенттіктер саумал іздеп сабылмайды. Этноауылда желіге бие байланып, биенің сүтін сауған замат ішіп кете бересіз. Керемет емес пе? Қошқар Атаны бойлап, Қошқар Ата сейілін жасап жүрген бағытымызды ұзартып Шымқала этноауылына келіп саумал ішіп кететін боламыз.
Соңында біткен іске сыншы көп қой. Бір ауыз сөз айтайын, шағыл таспен жүру аяққа аса жайлы емес. Бала-шаға тынымсыз, сырғанап кетіп болмаса сүрініп мұрнын бұзса. Беті аулақ. Демалысының шырқы бұзылады. Ұсынысым, көкжасыл майса етсе. Қаланың ең биік нүктесі, самал жел, желіде бие, аруана түйе, алтыбақан, шеберлер ауылы, киіз үйлер... бәрі бір үйлесім тауып кетер еді.