Шымкентте Бірлік күні ерекше тойланды
Бүгін Тәуелсіздік саябағында бүгін барлығы 80 түп ағаш отырғызылды. Бұл ағаштарды Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілдері қолға алған болатын. Карантиндік талаптарды сақтай отырып, шымкенттіктер бірлік күнін ұмыт қалдырған жоқ. Жас көшеттерді түрлі ұлт өкілдерімен қала әкімі де отырғызды.
Қарағай, шырша, емен сынды 6 түрлі көшетті еккендердің бірі – Икрамжан Хашимжанов. Қазақстан өзбектері қауымдастығының төрағасы биылғы мерекенің тым бөлек өтіп жатқанын айтады. «Жыл сайын түрлі палау фестивалімен елді тәнті ететінбіз»,- деген ол бұл дәстүрдің келер жылы жалғасатынына сенеді.
«Тәуелсіздік алаңында ағаш отырғызып жүрміз. Бұл достық аллеясы болып есептеледі деген ойымыз бар. Бұл Тәуелсіздік алаңын бұдан бірнеше жыл бұрын Елбасы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашып берген. Біздің егіп жатқан ағашымыз игіліктің, жақсылықтың, достықтың рәмізі деп егіп жатырмыз», -Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктер «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов.
Жас көшеттерді егіп, жаңа кешенді аралаған қала әкімі болса, Шымкенттегі ұлыс өкілдерін мерекемен құттықтады. Және бірлік түбі береке екенін жеткізді.
«Шымкент қаласындағы этнос өкілдерімен бірге әрқашан бірлік үшін жұмыс атқарып жатырмыз. Ынтымақ үшін. Болашақта ынтымағымыз әрқашан жеңістерге алып келеді. Осы уақытқа дейін Елбасымыз, Мемлекет басшымыз айтып жатыр ғой. Осы қазіргі еліміз ынтымақ пен бірлік арқасында қазақ елі дамып келеді», - Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.