Мәдениет – тазалықтан басталады

Oinet.kz 21-04-2021 561

Screenshot_5.png

Күн жылынып, көктем келді дегенше, саябақтарда серуендейтіндер көбейеді. Сонымен қатар бір қаладан екінші қалаға саяхаттайтындар көптеп табылады. Осылайша қала ішіндегі туризм дами түседі. Мәдениетті барлық жерден көруге болады. Солардың біріншісі тазалық. Тазалық бар жерде көрік бар демекші, бүгінде Шымкент қаласының әкімі шаһар тазалығына барынша назар аударып, іс-шаралар жасалуда. 

Шымкент қаласының барлық аумағында көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары да күшейтілді. 

Көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып, санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда. 

Кеше қаладағы «Наурыз», «Жеңіс» «Абай», «Тәуелсіздік» саябақтары мен «Жастар», Ш.Қалдаяқов атындағы аллеяда және «Ипподром» сквері мен Бәйдібек би ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық мекемелері қала тұрғындары демалатын орындарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбтерін әктеді және газондарды орып, ретке келтірді.

Мәдениеттілік тазалықтан басталатынын айтқан тазалық мекемесінің қызметкерлері қала тұрғындарынан өздері және балалары демалатын қоғамдық орындарды ластамауға және қоқыс тастамауға шақырды. 


Мұрат Әйтенов қала тазалығын назарға алды
«Ақылды ауыз су» жүйесі іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу