Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 пайызға артты

Oinet.kz 16-04-2021 1004

Screenshot_2.jpg

Өнеркәсіп – қала экономикасын дамытуға үлес қосатын бірден-бір жол. Еліміздің әрбір аймағына, экологиялық ахуалына, маңыздылығына байланысты түрлі өнімдер өндіріледі. Үшінші мегаполис – Республиканың ең ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі бірі болып табылады. Бүгінде қалада өнеркәсіп саласында 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 24 ірі және 49 орта кәсіпорындар. Өнеркәсіп болғандықтан онда арнайы жоғары білімді, орта білімді мамандар жұмыс істейді. Қазіргі таңда қаладағы барша кәсіпорындарға анализ жасағанда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.

Осы кәсіпорындармен осы жылдың үш айында 180,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41,4 млрд. теңгеге немесе 12,7 пайызға артық. Бірінші тоқсанның нақты көлем индексі бойынша 112,7 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейін Шымкент қаласы төртінші орында.

Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 83 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 149,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 37,4 млрд. теңгеге немесе 12,9 пайызға өсті. Осылайша, нақты көлем индексі 112,9% жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 6 орында. Жалпы алғанда еліміздегі барлық аймақтарға анализ жасау тұрғысында бұл үшінші мегаполистің өнеркәсіп саласындағы жетістігі десек те болады.


Шымкент және Тараз меморандумы мүмкіндіктерге жол ашады
«I QALA» жобасы Шымкентке келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу