Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс кептіру қажет?

Oinet.kz 23-04-2019 1119

image_l (9).jpg

Саңырауқұлақтарды бірнеше әдістермен сақтауға болады: тұздау, консервілеу, мұздатқышта қатыру және кептіру. Кептірілген саңырауқұлақтар өзінің пайдалы қасиеттерін, иісін жоғалтпайды. Бірақ, оларды дұрыс кептіру керек. Жас саңырауқұлақтарды консервілеген немесе мұздатқышқа салып қойған дұрыс. Үлкен өлшемді саңырауқұлақтарда тиімді пайдаланылады. Оларды кептіру қолайлы. Сонымен қатар, оларды сақтау біршама ыңғайлы, себебі осы өнімнің құраушысының 90%-ы су болып табылады. Кептіру кезінде саңырауқұлақтар өздерінің пайдалы қасиеттерін сақтайды. Оларды сақтау қолайлы, себебі олар кепкен соң көлемін кішірейтеді. Кез келген саңырауқұлақты кепітіруге болады, алайда түтікшелі түрін кептірген дұрыс. 

Кептірілген түрде олар, әсіресе қысқы мерзімде сорпаларға және гарнирлерге тамаша үйлесім болады. Бұл етті жақсы алмастыратын өнім. Саңырауқұлақтарды қай жерде және қалай кептіру керек? Кептірудің бірнеше нұсқалары бар: 1. Күннің көзі. Егерде сіз жеке секторда тұратын болсаңыз, онда алаңда саңырауқұлақтарды кептіре аласыз. Ең бастысы, жақсы ауа райы болып, күннің көзі жарқырап тұрса болғаны. Сонымен қатар, шуақты күндері оларды жіпке тізіп, балконға іліп қойсаңыз болады. 2. Пеш. Пешті 60-70 градусқа дейін қыздырып, табаға саңырауқұлақтарды тізіп шығыңыз. Пеште ауаны циркуляциялайтын мүмкіндігі болуы керек. 3. Электрокептіргіш. Табаға саңырауқұлақтарды тізіп шығып, қажетті температураны таңдаңыз. Оларды кезеңді түрде тексеріп және ауыстырып тұрыңыз. Жақсы кепкен саңырауқұлақтарды алып, басқа ыдыстарға салып қойсаңыз, сіз бұл шаруаны жылдамырақ аяқтап, кептірілген өнім аласыз.
Дереккөз: massaget.kz

Балалармен бірге сабын көпіршіктерін жасайық!
Жағажайға барарда қолдануға болмайтын beauty-құралдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу