Ағзаны тазартатын 7 тағам

Oinet.kz 04-03-2019 1019

774-1476211793-6077424198.jpg

1. Қызылша

Бұл №1 организмді «тазалаушы». Біріншіден оның құрамында өзек,фосфор, мыс, С витамині және де тамақтың «қозғалысын» жақсартатын, «жаман» ішектегі шіріткіш бактерияларды жоятын органикалық қышқылдар бар. Екіншіден, бауырды улы заттардан қорғайды. Ал үшіншіден, қызылша организмді жасартады. Шаш, тырнақ, теріге жаңа рең береді. Пайдалану тәсілі: пісірілген қалпында, борщ, салатта қосылған, қайнатпа немесе шырын түрінде.

 2. Ақбас қырыққабаты

Ол өзінде ауыр металлдар мен улы заттады байланыстырып, кейін ішектен шығарып жіберетін тағамдық талшықтарды сақтайды. Одан басқа, тамақ сіңіруді реттейтін органикалық қышқылдарға бай. Тек бұл ғана емес, орамжапырақта басқалардан табыла бермейтін U витамині бар. Витамин зиянды химиялық заттарды зиянсыз етеді. Сонымен қатар, жараларға ем. Пайдалану тәсілі: жаңа піскен, ашыған түрін шырын жасау арқылы.

 3. Сарымсақ

Сарымсақтың бір бөлігінде 400-ден астам пайдалы компонент бар. Ол қандағы «жаман» холестеринді түсіріп, тамырларды тазалайды. Асқазан жарасын жояды. Ми обырының болуынан сақтайды. Пайдалану тәсілі: жаңа піскен, ұсақталған күйінде.

 4. Түйінді пияз

Оның ең басты жетістігі эфир майының құрамындағы фитонцидтер бар. Ал бұл заттар арқылы бірнеше минутта қаншама бактерия өлтіруге болады. Сонымен қатар, пияз тамақ сіңуін қамтамасыз етеді,нәрлі заттардың сіңдіріп, тіпті тәбетті ашады. Барлық зиянды заттардан қорғап, оларды өлтіретін қасиеті бар. Пайдалану тәсілі:жаңа піскен қалпында, салатта, спирттік тұнба және косметикалық маска түрінде.

 5. Алма

Алма тамақты жақсы сіңірілуін қамтамасыз ете отырып, ағзадағы улы затттар мен қоқыстардан қорғап ,аппетитті жоғарылатады. Алма жұқпалы іш ауруын, іріңдеуді туғызатын бактерияларды, А тұмау вирусын өлтіреді. Пайдалану тәсілі: қабығымен балғын күйінде, шырын, қайнатпа түрінде.

 6. Авокадо

Өкінішке орай, бұл «оңтүстіктік» жемістің қасиеттері әлі бәріне беймәлім. Авокадоның құрамында « глютатион» деген керемет зат бар, ол 40-қа жуық қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттектерді сақтайды өзінде, қандағы холестеринді дұрыстайды, тамақ сіңіуін қамтамасыз етеді. Пайдалану тәсілі: балғын күйінде, кептірілген жеміс түрінде.

 7. Мүкжидек

Мүкжидек қуық қалбыршағын тазалайтын, қуық жолдарын зиянды бактериялардан сақтайтын ең күшті вирусқа қарсы «табиғи» антибиотик. Оның обыр клеткаларынан сақтай отырып, тамырлардағы ұйыған қан, түйіндіктермен күреседі. Пайдалану тәсілі: жаңа піскен қалпында,морс, сок немесе тосап түрінде.



Дереккөз : anabol.kz

Әлсіздікті жеңудің әйгілі тәсілдері
Сізді қартайта түсетін 5 азық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу