Жасыл смузидің пайдасы

Oinet.kz 04-03-2019 2351

390-1476222504-f9171fa4cf.jpg

Соңғы жылдары жасыл өсімдіктерден жасалатын смузи және коктейлдер салауатты өмір салтын және диета ұстанатындардың арасында өте танымал. Түрлі жасыл смузилар танымал жеміс шырындарына айналуда. Статистикаға сәйкес, адамдардың көпшілігі өз денсаулықтарын және дене формаларын жаңадан жасалған смузиді күнделікті тұтыну арқылы жақсартады. 

Жасыл смузидің рецепттерін диета және салауатты өмір салтын ұстанатындар интернет арқылы бір-бірімен алмасып отырады. Жасыл смузидің негізгі компоненттеріне жасыл көкөністер, тұқымдар мен дәндер және балдырлар жатады. Олар магний, кальций, темір, калий, С дәрумені мен адам денсаулығына қажетті өзге де пайдалы заттарға бай болып табылады.

Интернетте жасыл смузи жасаудың рецепттері жетерлік. Және оларды сайттар мен форумдардан оңай табуға болады. Сіздерге жасыл смузи жасаудың бірнеше қарапайым рецептерін ұсынамыз. 

Қаражидекпен жасыл смузи

Бұл пайдалы смузи сіздің көз жанарыңызды жақсартады, сондай-ақ үлкен антиоксиданттық әсері бар. Құрамы: банан – 1 штук, 4 мұз кесектері, жарты стақан қаражидектің балғын жемісі, бір қасық шпинат, апельсин немесе алма шырынының төрттен бірі. Оның орнына бадам сүті немесе кез-келген жаңадан дайындалған шырын пайдалануға болады. Жасалу жолы: бананды блендерге саламыз, мұз кесектерімен қаражидекті қосамыз, содан соң шпинат қосып кремді қоспа болғанша блендерде араластырамыз. Смузи дайын. 

Түрлі көктермен смузи

Кез-келген көкөністі пайдалануыңызға болады, бақшаңызда не бар: қырыққабат, қызылша және сәбіз, аскөк, ақжелкен. Құрамы: 3 кесек ананас, 1 стақан туралған банан, 1 стақан шырын немесе бадам сүті, 1 шай қасық ваниль, 2 стақан туралған кез-келген көк. Жасалу жолы: блендерде барлық ингредиенттерді араластырыңыз.

Дееккөз : anabol.kz

Маса шаққанда қолданылатын 7 тиімді әдіс
Ыстықтан қалай қорғануға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу