Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Белгілі жас мөлшеріне сай профилактикалық медициналық тексерісті медицинада «скрининг» деп атайды. Қазіргі таңда мемлекет ол үшін 4 млрд теңге ақша бөліп отыр. Скринингке тұрғылықты мекен –жайына қарасты емханалар тексеруге шақырады немесе әр әйел өздері барып тексерілуіне құқы бар.
Скрининг жас мөлшеріне байланысты жүргізіледі:
Сүт безі рагы 50 жастан 60 жасқа дейін (арасына 2 жыл салып) Жатыр мойыншығы рагы 35, 40,45, 50,55,60 жас аралығында Тоқ және тік ішек рагына текеріс 50 жастан 70 жасқа дейін.
Мұратжан Исаұлы Сақтағанов Хирург, онколог-маммолог, жоғары санатты дәрігер
- Рак ауруының ішінде, ең көбейіп тұрған түрі - сүт безінің рагы. 2013 жылға қарағанда 2014 жылы бұл дерт барынша айқындалды.
Қалай? 2014 жылдан бастап жергілікті халық «скрининг» жайлы ақпараттандырыла бастады. Ақпарат халыққа жеткеннен кейін ғана рак үкім емес, оңай жазылатын диагноз екенін түсінді. Мәселен, сүт безінің рагына скрининг 2008 жылдан басталса, сол жылдары бірінші-екінші саты (стадия) 55-60 % болды. Ал қазіргі кезде, 7 жылдан кейін 90 % көрсеткіш беріп отыр. Бұл біріншіден, скринигтің тиімділігі болса, екіншіден, тиімділігі жайында жұртшылық білуі, келіп тексерістен өтуі. Бүгінгі күні маммографиялық скриниг жақсы деңгейде , алайда, ішек рагына скриниг аз болып тұр және адамдардың аурулары асқынып кеткен жағдайда келуінің нәтижесінде оларды жоғалтып жатамыз. Осы тұрғыда, халықты алдын-ала тегін тексеріске шақырамыз.
Дереккөз : anabol.kz