Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Соңғы жылдары Түлкібас ауданында көркіне көз тоятын көптеген нысандар пайдалануға берілуде. Былтыр ауданның 90 жылдығында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қаратау мен Алатаудың төс түйістірген тұсында орын тепкен Түлкібаста қазақтың тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловқа арнап арнайы ескерткіш ашылды. Аудан көркі жылдан-жылға ажарлана түсуде. Бұған жергілікті кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда.
Жуырда ауданға қарасты Түлкібас кентінде жеке кәсіпкер О.Байсеріковтың қаржыландыруымен білім, спорт, өнер және тәрбие салалары бойынша қосымша білім беретін орталық ашылып, халық игілігіне берілді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Орталықтың ашылуына ел ағалары мен аудан әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ауыл халқын қуаныштарымен бөлісті. Сонымен қатар аталған кәсіпкердің ұйытқы болуымен сауда орталығы пайдалануға берілді. Аталған орталық пен сауда орнына 27 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.