«Достық керуені» жарасымды шара

Oinet.kz 20-10-2019 709

Screenshot_8.jpg

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты насихаттау мақсатында Шардара ауданында «Достық керуені» тақырыбында іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Шардара қаласындағы №16 колледжде «Шығыс базары» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, колледж фоесінде ауылшаруашылығы техникаларының, қолөнер туындыларының көрмесі таныстырылып, аталған білім ордасында білім алушы өзге ұлт өкілдері жастарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ның іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлы «Достық керуені» іс-шарасының маңыздылығына тоқтала келе, аудандағы түрлі этнос өкілдері жастарының татулықты сақтап, бірлікті насихаттауға шақырды.

Аталған жиында №16 колледж студенттерінің қатысуымен арнайы спорттық көрсетілімдер және флешмоб ұйымдастырылды. Сонымен қатар көпбалалы аналарға сый-құрмет көрсетілді.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы қорытындылап, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нан арнайы келген азаматтарға алғысын білдірді.

Аталған шара Шардара қаласындағы «Балауса» балабақшасында жалғасын тапты. Аталған балабақшасында тәрбие алушы өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы өткізілді.

Аудандық мәдениет сарайының фоесінде аудандағы өзге ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан көрме өткізіліп, аудандық мәдениет сарайы жанындағы «Достық» бөлмесінде аудандағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен еркін форматтағы дөңгелек үстелге ұласты.


Келестіктер ағаш екті
Турнир басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу