Жүзудің денсаулыққа пайдасы қандай?
Су- өмірдің нәрі. Бұл шындық, оны ешқашан ұмытпай, аптасына бір рет болса да уақытыңызды жүзуге арнаңыз. Өйткені, жүзу -шынығудың ең тиімді тәсілі саналса, жүзудің денсаулыққа пайдасы зор екені ертеден дәлелденген.
Жүзу
Ағза жүйесімен қатар дене мүшені шынықтырады.
Дене сымбатының сұлу болуында әсері мол. Жүзу барысында бел омыртқаның қасындағы бұлшық еттер босаңсиды.
Теріні жұмсақ әрі нәзік қылады. Салмақты қалыпты ұстап тұруға көмектеседі.
Табиғатпен байланыс орнатуға мүміндік беріп, онымен жақындастырады.
Адам бойында алға ұмтылу,төзімділік, мақсатқа жету сынды қасиеттер қалыптастырады.
Тыныс алу жолдарын жақсартады. Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді.
Көптеген ауруларға ем, сонымен қатар, профилактика үшін ең тиімді құрал.
Жұмысқа деген ынтаны арттырып, шаршағанды басып, күйзелісті ұмыттырады.
Ағзаға жүк түсірмейді.
Және жүзумен бір айлығыңыздан қартайған шағыңызға дейін айналыссаңыз болады. Өйткені, ол керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз.
Дереккөз : anabol.kz