Ыдыс-аяқты қалай жуу керек?

Oinet.kz 28-02-2019 1279

616-1476223724-d4487d0027.jpg

 Әрине, бұл – үйді толық жиыстыру емес, алайда осы  сұрақ отбасылық өмірдің ең жымысқы мәселелерінің бірі болып есептеледі. Егер ыдыс жууға арналған құралды дұрыс таңдап, үрдісті сауатты ұйымдастыратын болсаңыз, ыдыс жуу қиынға соқпайды және уақыт алмайды. Оған қоса, біз ұсынған ережелерді қаперіңізде ұстасаңыз, ұтылмасыңыз анық.

Бірінші ереже: әдемі қолғап, алжапқыш және ыдыс жууға арналған ысқыш сатып алыңыз, түстері өзіңіз жақсы көретіндерден болсын, сонда олар әр ыдыс жуған сайын көңіл-күйіңізді көтеретін болады.

Екінші ереже: ыдысты дастархан басынан тұрған бойда бірден жуыңыз. Мұндай жағдайда ыдыс жуу үрдісі зауық болмайтын бөлек бір шаруа емес, тамақтану рәсімінің бір бөлігіне айналады.

Үшінші ереже: ас даярлау кезінде пайдаланылған ыдысты бірден жуып, орнына қойған жөн. Сонда тамақтанғаннан кейін шұңғылшада ыдыс-аяқ үйіліп жатпай, тек бірнеше тәрелке, саптыаяқ және асхана аспаптары ғана болады.

Төртінші ереже: майды керемет кетіріп қана қоймай, сонымен қатар қолдың терісін ылғалдандыратын жуғыш құралдарды пайдаланыңыз.

Бесінші ереже: шанышқылардың, қасықтардың және пышақтардың барлығын бір уақытта сабындап, су ағынының астында бірге жуыңыз.

Алтыншы ереже: оңай зақымданатын тефлон жабыны бар ыдыс ерекше күтімді қажет етеді: оны ұнтақ немесе паста түріндегі жуғыш құралдармен тазаламаған жөн.

Жетінші ереже: сонымен қатар сүйікті музыканы, аудиокітаптарды, теледидарды немесе отбасымен тілдесуді ұмытпаңыз. Асүйді жиыстыру барысында, үйді жиыстырған секілді, бірнеше істі бір уақытта жасауға болады.

Дереккөз : anabol.kz

Кім қожайын? Тәмсіл
Сіз холериксіз бе? Әлде, сангвиник, меланхоликсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу