Екі періштенің әңгімесі. Тәмсіл

Oinet.kz 27-02-2019 3080

964-1476221908-35231d0706.jpg

Екі періштенің әңгімесінен. Үлкені қоластындағы періштеге:

— Айт! Бір ауыз сөзбен жеткіз бәрін!

— Аман-есен. Жұмысқа барып жүр. Әлденеден үміті бар.

— Неден?

— Айту қиын. Екі рет оған керемет түс көрсеттім, бірақ байқамайды. Жұмыстан шаршайтынын айтады.

— Ал жұмысында не жағдай?

— Әдеттегідей. Басшылық. Қарбалас. Қаңқу сөз.

— Басшылық қатал ма?

— Айтарлықтай ештеңесі жоқ. Өзге басшылар сияқты-ақ. Неге екені, ол өлердей қорқады...

— Қорқынышын сейілтіп көрдің бе?

— Әрине. Кеңсеге барар жолда-ақ байқап көрдім. Тіпті аспанындағы бұлтты сейілтіп, күннің көзін көруіне бар жағдайды жасап бақтым.

— Әтірінің иісі-ақ алыстан елітіп әкетер бейтаныс сұлумен таныстырып көрмедің бе?

— Олай ренжіте көрмеңіз... Метрода тіпті бетпе-бет келтірдім де...

— Қалай?

— Өзгеріссіз! «Кешіріңіз» деді де, өз ойының жетегінде кетті...

— Ал жұмыстан кейін немен айналысады?

— Дүкен. Теледидар. Ыдыс жуу. Интернет. Ұйқы.

— Теледидарын бұзып көрмедің бе?

— Көрдім. Жаңасын сатып алды...

— Интернетті өшіріп ше?

— Бес күн қатарынан өшірдім. Ол жұмыста қалуды шығарды. Түннің бір уағына дейін.

— Ал демалыс күндерін қалай өткізеді?

— Түске дейін ұйқы. Пәтерін жинау. Кешке – достары, мағынасыз әңгіме, арақ-шарап. Түн ортасында үйіне келеді. Тағы да теледидар немесе интернет.

— Ал ол қайда (болашақ екінші жартысы)?

— Көз алдында. Араларында үш-ақ үй. Тіпті азық-түлікке де бір дүкенге барады.

— Кезекте тұрғанда кездестіріп көрдің бе?

— Әрине! Автобус аялдамасында да, мерекелерде де талай кездестірдім.

— Екеуінің тағдыр жолдарын тексердің бе?

— Бәрі де сәйкесіп-ақ тұр... Бірақ бұл қала... Мұндағы өмір салты... Мен шаршадым! Бұл – орындалмас тапсырма!

— Ендеше, ең әсерлі құралдарың қайда?

— Міне, басеке! Жоғары температура, тұмау. Сынық. Жарақат. Көлік апаты. Дағдарыс. Өрт. Қаржылық қиындық...

— Жетеді! Махаббат жолында мұндай соңғы амалға баруға рұқсат! Тек бұлардың біреуін ғана қолдан! Орында!

— Құп болады!

Дереккөз : anabol.kz

Суға шомылу маусымы: қауіпсіздік ережелері
Әрбір қыз білуі тиіс сұлулық жайлы лайфхактар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу