Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер берілмек

Screenshot_7.jpg

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ іске асырылып жатқан "Нұрлы Жер" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін кейіннен сатып алу құқығымен жалдау бағыты бойынша Ақтөбе қаласында орналасқан 116 пәтерді бөлуді бастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме беріп

Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған тізімдерге сәйкес үміткерлердің төлем қабілеттілігін екінші рет тексеру жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін министрліктердің қызметкерлеріне 58 пәтер бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар, Компания Алматы қаласындағы салынып жатқан объектіде жалпы көлемі 16 600 м2 288 пәтер және Қарағанды қаласындағы салынып жатқан объектіде жалпы көлемі 1 000 м2 21 пәтер сатып алуға шарт жасасқаны туралы хабарлайды. Бұл қалаларда тұрғын үй алуға үміткерлердің төлем қабілеттілігін тексеру 2020 жылдың көктемінде жоспарланып отыр.

Осы жылдың маусым айында "ҚИК" ИҰ" АҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі арасында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша министрліктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру туралы келісімге қол қойылған.

Осы бағыттағы қызметті қаржыландыруға нарық жағдайында "ҚИК" ИҰ" АҚ қарыз алған қаражаттан шамамен 40 млрд теңге бағытталатын болады.

Қатысушылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді сату шарттары: жалға алу мерзімі 20 жыл, бастапқы жарна жоқ, кез келген уақытта және айыппұл санкцияларынсыз тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар, кіріс жеткіліксіз болған жағдайда кепілдіктерді тарту мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл ретте бағдарлама бойынша 1 шаршы метрдің құны Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында тиісінше 1455 теңгені, басқа өңірлерде 1 шаршы метр үшін тиісінше 1 232 теңгені құрайды.

Тұрғын үй алуға үміткерлердің тізімін тікелей министрліктер қалыптастырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
  • Еліміздің үш өңірінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды
  • Елбасы Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
  • Гонконгтағы митинг кезінде қазақстандық студент ұсталды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика