Ақтөбелік әкім: «Жер беруді тоқтату керек»

Oinet.kz 26-09-2019 1204

Screenshot_9.jpg

Сегіз айлық жұмысының есебін жасаған ақтөбелік әкім Мавр Абдуллин қалалық мәслихат депутаттарының алдында мұңын шақты. Қала басшысы әкімдіктен аузын ашып көмек күтіп отырғандар мен жанды жеріне тиетін сөздерді айтты деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz

"Жер беруді кішкене тоқтатып, қазіргі күнге дейін берілген жерлерге инфраструктура тарту мәселесін жүз пайыз шешу керек.

"Ақшат-2", "Ақшат-3" аумағында айдалада әрбір жерге үй салып жатыр. Біз Құршасайда 54  үйге электр желісін, газ тартып  жатырмыз. Қорайлыда 94 үй салып қойған.

Олар да бізге аузын ашып қарап отыр. "Сіз әкімсіз ғой, неге шешпейсіз" дейді. Ол жерге де электр желісін тартып жатырмыз. Осындай елді-мекендер көп.

"Конституцияда әр Қазақстан азаматына он соттық жер беру керек деп жазылған. Қазақстанның жері жетпей жатыр ма?" деп адамның жанды жеріне тиіп жазатындар бар. Оның екінші жағы бар. Осы нәрсені халыққа жеткізу керек, сол кезде тоқтау болар деп ойлаймын", - деді Мавр Абдуллин.

Сонымен қатар, қала әкімі қурап кеткен ағаш, жасыл желек мәселесіне қатысты да ойын айтты. Өңірде миллиондап қаржы бөліп егілген мың түп ағаш қурап кеткен болатын.

"Егілетін тал, көк шөпті суаратын желілерді жасау керек. Жылда "уралап" жетпіс мыңдап тал егіп тастаймыз.

Оны ешкім суармайды. Тал қурап, бәрі жайына қалады. Сондықтан суару жүйесін дайындап, қанша, қандай тал екенін атауымен құжаттандыру керек. Әйтпесе, жылда тал отырғызып "қаланы көркейтемін" деген заттың бәрі бекер деп ойлаймын.

Талдың құжаты болса есепсіз алынбас еді. Құжатсыз, есепсіз алынып, осындай жағдайға ұрындырып жатыр.

Тал қажеттілікке байланысты алынатын болса, басқа жерге отырғызылғандығын номермен есебін жүргізіп отырар едік", - дейді әкім.

Жиында Мавр Абдуллин өңірде көпбалалы аналар саны өсіп жатқанын да жеткізді. Өткен жылы 1,5 мың адам әлеуметтік көмек алса, биыл 8,5 мың адам әлеуметтік көмек алып отыр.

Қазақстан басқа елдерден әкелінетін контрафактілік тауарлардың салдарынан үлкен шығынға ұшырауда
Сенатор: «Біздің шенеуніктер халықтың мұң-мұқтажын, зарын естуге құлықсыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу