Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың "халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек" деген сөзіне қатысты пікір білдірді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін сөз сөйлеген Бекболат Тілеухан "Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес", - деп қысқа қайырды. Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойынша, Божко бұл сөзді "байқамай айтып қалған".
Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Открытый диалог" бағдарламасында бұған түсініктеме беріп, оны қазақ жерінің нағыз патриоты деген еді. Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Божконы ол сөзді байқамай айтып қалған деп ақтап алмақ болды.
Еске сала кетсек, мәжіліс вице-спикерінің бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызған болатын.