Дауылбаев жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 12-03-2026

 photo_5298813230706791819_y.jpg

Еркебұлан Дауылбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы телеграмдағы «Pro кадры KZ» каналы хабарлады. Ол 2024 жылдың желтоқсанынан бастап Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген болатын.

Еркебұлан Даулыбаев еңбек жолында кеден органдарында, Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. Соңғы жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған.

Бір қызығы, Дауылбаевтың әкім орынбасары болып тағайындалғанын Түркістан облысы әкімдігіне қарасты сайттар мен ақпарат құралдары әлі хабарлаған жоқ. Түркістан облысы әкімінің ресми сайтында ол  әлі аппарат жетекшісі болып тұр.

Даулыбаевқа орынбасар ретінде қандай салалардың берілетіні  әлі белгісіз. Айта кетері, ол аппарат басшысы ретінде облыстағы цифрландыру, архив, мемлекеттік қызметтер және құрылыс саласына бақылау жасап келген болатын.


Ресей шетелде жүрген азаматтарын әскері арқылы да қорғай алады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу