Шымкентте спорт және мәдениет қызметкерлері жауапқа тартылды

Oinet.kz 06-05-2024 449

 40438800.jpg

Шымкент қаласының прокуратурасы Спорт және мәдениет салаларында «DamuBala» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіретін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

Прокурорлық қадағалау актісімен бұзушылықтар жойылды, 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылғы тамыздан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады.

Сонымен қатар а.ж. сәуір айынан бастап 125 кәсіпкер қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 000 баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді.

Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-б. 2-б. бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 


Ерлігі елге мұра, ұрпаққа үлгі
Президент бірқатар әскери қызметкерлер мен шенеуніктерге арнаулы атақ беріп, марапаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу