Антикор Г. Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісін сотқа жолдады.
--Агенттік Г. Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзінше билік ету күдігі бойынша тергеуді аяқтады. Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды,-делінген антикордың таратқан мәліметінде.