Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Oinet.kz 15-04-2024 389

c78e6b21-5e41-4bd9-8692-1f18e068c3e8.jpg

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады. 

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады», - деп жазылған мәлімдемеде.

Сонымен бірге, Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдау көрсететін атап өтеді.

Айта кетейік, сенбі күні кешке Иран өз аумағынан Израильге қарай соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен          зымырандардың үлкен толқынын ұшырды, бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғаш рет тікелей шабуыл жасауы.

ҚазАқпарат.

 


Бес аймақта су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін
Викрам Рузахунов: Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу