Шымкентте тағы бір экс- басшының ісі сотқа жолданды
Шымкентте Еңбек мобильділігі (жұмыспен қамту орталығы) орталығының бұрынғы басшысының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы антикордың Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. –
--Қала активі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерінің қатысуымен кезекті кездесу өтті. Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес ұсынымды қарап, қатысушыларға бүгінгі күні сотқа жолданған Еңбек мобильділігі орталығының бұрынғы басшысының пара алу себептері мен мән-жайларын жеткіздік.
Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша әкімдікпен бірлескен жұмыс туралы хабарладым,-деп жазған департамент басшысы.
Айта кетері, биыл қаңтарда ақпарат құралдарында Шымкент қаласы жұмсыпен қамту орталығының басшысы Шағдат Әсеттің парамен ұсталғаны турпалы ақпарат тараған болатын.
Кейіннен антикор орталық басшысының «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке іліккенін хабарлады.