Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталды

Oinet.kz 25-03-2024 301

 241246382_3009542622625418_904446268918805497_n.jpg

-Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШМӨЗ) жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды, --деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы «Қазмұнайгаздың» (ҚМГ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындап, энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі.

- Жұмыс басталған кезде зауытта мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор жиналған. Ол қор ішкі нарыққа біркелкі жөнелтіледі. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары отынды штаттық режимде өндіруді жалғастырады, - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Жұмысқа тартылған мердігер ұйымдармен ППР мәселелері бойынша бастапқы кеңес өткізілген.

- Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау бойынша міндеттер қойды, - деп толықтырды ҚМГ.

 


Туристический потенциал Туркестана презентуют в Самарканде
«Крокуста» теракті жасады деген күдіктілерге айып тағылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу