Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
- Мен құдайдың бар болғанын қалаған болар едім.
– Мен футбол, хоккей ойнағанды жақсы көремін, бірақ көбіне жалғыз ойнаймын.
– Беларусь халқы тәуекелге барып, мені президент етіп сайлады, бұл тарихта өте сирек кездеседі, бәлкім енді қайталанбауы да мүмкін.
– Менің балалық шағым жан-жануалар мен өсімдіктердің арасында өтті.
– Сендер маған ауру жөнінде шағымданып жатырсыңдар, ауырып жүргендер үкіметте де көп.
– Маған дауыс бересіңдер ме, жоқ па, ол маңызды емес, дауыс бермегенде қайда барасыңдар, мен көңілдеріңнен шықсам болды.
– Тым аңқылдақ болып кетсем кешірім өтінемін—Ельцин карта ойнағанда мені жеңе алмайтын. Коржаков та жеңе алмайтын. Лужков үш рет ұтылды. Соңғы рет Лужков екеуіміз 5 мың тонна сары майға ойнадық.
– Кім ішсе, оның балаларының дені дұрыс болмайды. Бұл дертпен біз күресеміз. Әйтпесе ішіп алады да, байқаусыза туып қояды да, содан кейін «сен Лукашенко мына баланы асыра» дейді. Осындай сәбилер біздің елде – 35 мың.
– Беларусь тілінде сөйлейтіндер әңгіме айтқаннан басқа ештеңені бітірмейді, өйткені беларусь тілімен ұлы тірлікті атқаруға болмайды. Беларустың тілі – кедей. Әлемде ең ұлы екі тіл бар—ағылшын және орыс.
– Біз 1941 жылғыдай жау қоршауында отырмыз. Жауларымыз жақында біз әріптестік жөнінде келісім-шарт жасасқан көрші елдердің билік басына да келді.
– Менің басыма философиялық ой келді,– мен қазір бәріңіздің назарларыңызда болуға тиісті екенмін.
– Біздің диктатурамыз ешкімге өмір сүруге, дамуына кедергі келтірмейді.
– Құдай басқа салмасын, егер олар біздің елде бірдеңе істемек болса (түрлі-түсті төңкеріс туралы айтып отыр) онда біз дереу олардың бастарын үйректің басындай жұлып аламыз.
– Лукашенконың ұрламауы мүмкін емес. Түсінесіздер ме, жасыратын жер жоқ.
– Менің саясатымда сатып алу деген ешқашан болмайды, тек қағидашылық, әділ қарым-қатынас қана бар: сен мемлекетке берсең—біз саған қолдау білдіреміз. Кім келіспесе—онда «сау бол».
– Менің әкем де Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан (Лукашенко 1954 жылы дүниеге келген).
– Мен атеистпін, бірақ православтық атеистпін.
– Мен Ресейге еңбектеп баруға әзірмін.
(orator.ru сайтында жарияланған материалдардан әзірленген)