Путин қай елдерге қарсы экономикалық шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Oinet.kz 04-05-2022 2155

Ресей президенті кейбір мемлекеттердің жағымсыз әрекеттеріне жауап ретінде экономикалық шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды. 

Screenshot_5.jpg

Путин қол қойған жарлық ресейлік санкциялар енгізілген тұлғалардың пайдасына шикізат пен өнімді Ресейден әкетуге тыйым салады. Сонымен қатар, жарлыққа сәйкес, Ресейдің санкцияларына ұшыраған басқа елдердің заңды және жеке тұлғалары алдында мәмілелер жасауға және міндеттемелерді орындауға тыйым салынады. 

Ресей үкіметіне 10 күн ішінде қарсы шаралар қолданылатын адамдардың тізімін жасау тапсырылды. Құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енді. 

Украина жеңеді - Борис Джонсон
Қазақстандықтар байып жатыр. Орташа жалақы 285 мың теңгеге өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу