Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұстады.
23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Сонымен қатар комитет бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.