Шөкеевтің орынбасары жемқорлықты қалай жою керектігін айтты (видео)
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Сәкен Қалқаманов жемқорлықпен қалай күресу керектігін айтты. Оның айтуынша әрбір адам жемқорлықпен күресу керек. Бұл туралы ол Сайрам ауданында өткен "Парасат" пікірталас клубында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Егер біреу сізден пара сұраса құзырлы органдарға, әкімдерге: "мына кісі менен пара сұрап жатыр" деп айтып келу керек. Пара бермеңіздер. Бірден бізге хабарлаңыздар. Оны қолынан ұстап осылай ғана жоя аламыз, - деді Сәкен Қалқаманов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram