Облыс әкімдігі иттің өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Oinet.kz 09-02-2022 1730

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қоғам белсендісі Жанна Папинаның итінің өліміне байланысты пікір білдірді. Аймақ басшысы итттің өліміне арнайы бармаған. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы мәлімдеді. 

Screenshot_6.jpg

"Әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ беттерінде тарап жатқандай облыс әкімі Бердібек Сапарбев қоғам белсендісінің итінің өліміне арнайы барып, көңіл айтты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жанна Папина итінің денесін облыс әкімі аппаратының алдына әкеп, аймақ басшысының шығуын талап еткен. Дәл сәл сәтте облыс әкімі өзінің орынбасарларымен бірге ( 08. 02. 2022ж. сағат 15:00-де) әкімдік ғимаратының жанындағы “Тараз” ӘКК-да өтетін есептік жиынға (жаяу) барады. Жолай алдынан шыққан қоғам белсендісінің мәселесіне көңіл аударып, мән-жайдан хабардар болады. Аталған видео-фото сол сәтте түсірілген", - деп жазды Данияр Асқарұлы. 

Еске сала кетейік, бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жанна Папинаның итінің өліміне байланысты қарамағындағы қызметкерлерге ескерту жасаған болатын. 

«Персик, кешір бізді!» Облыс әкімі иттің өліміне пікір білдірді (видео)
Персиктің қалай өлгені туралы видео жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу