Абай ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Шымкент қаласы Абай ауданында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барасында аудан әкімі Бұқарбай Парманов барша халықты мерекемен құттықтап, аталған датаның маңызымен шығу тарихын айтып өтті.
- Осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент сенатында қаралып, мақұлданды. 2012 жылдан бері 1-желтоқсан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып өтуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ел үшін атқарған елеулі еңбегі 30 жыл ішінде Тәуелсіз Мемлекетімізді аяққа нық тұрғызып, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатты, - деді аудан басшысы Бұқарбай Парманов. Ол Елбасының Қазақстанға сіңіргенін кеңінен баяндап, тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішіндегі Шымкент қаласының жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, түрлі салада озат қатырынан көрініп, елге үлес қосқан азаматтарды марапаттап, сый сияпаттар табыстады.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, республикалық және қалалық деңгейде топ жарған әншілер мен бишілерден құралған топтар өнер көрсетті.