Алматылықтар Фархад Әбдірайымовты қошеметпен ақтық сапарға шығарып салды

Oinet.kz 23-05-2021

Алматылықтар Грузияда түсірілім кезінде қайтыс болған қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовты соңғы сапарға қошеметпен шығарып салды.

photo_82140.jpeg

Бұған дейін шектеулерге байланысты жерлеу рәсімі жабық режимде өтетіні хабарланған болатын.

Алайда бүгін, жексенбіде Әбдірайымовтың достары, таныстары мен жанкүйерлері Министрлер кеңесі емханасының алдына жиналды. Олар актерті құрметпен, шапалақпен ақтық сапарға шығарып салды.  

Фархат Әбдірайымов Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленді.

Бұған дейін Фархат Әбдірайымов неден қайтыс болғаны анықталған еді. "Қазақфильм" киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған. 

Танымал актер 55 жасында Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды.

Нұрсұлтан Назарбаев: Жақында біз азық-түлік тапшылығын сезінетін боламыз
Түркияда тұратын Қарақат Әбілдина туған жерге оралды (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×