Су жаңа премьер-министр - Асқар Мамин!

Oinet.kz 14-01-2021

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының отырысына қатысты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Асқар Мамин.jpg

Отырыс барысында Назарбаев премьер-министрге қатысты ойын білдірді.

"Менің ойым - сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан үкімет өз жұмысын жақсы атқарып шықты. Басқа елдердің аясында жақсы нәтиже көрсете білдік. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақбаевты ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын сақтауды қолдауын сұраймын", - деді Елбасы. 

Бұл нені аңғартады? Президент Тоқаев қазіргі премьер Асқар Маминді үкіметбасы лауазымына ұсынса, онда Назарбаев оны қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Елбасы позициясы белгілі болды. Енді соңғы шешім Тоқаевта.

Осылайша Назарбаев ел аузында жүрген "келесі премьер кім болады?" деген болжамға нүктесін қойды. 

Ендеше, Елбасы "батасын" алған Асқар Маминді су жаңа премьер-министр болғанымен құттықтай берсек болады. Ал құтты болсын!

Қырғызстанда тағы президент сайлауы өтеді
ОСК төрағасы Имашев құдағиы Назарбаеваға депутат куәлігін табыстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×