Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бірінші толқынына туралы ойын айтты

Oinet.kz 25-09-2020 949

Қателіктер кетті... ағаттықтар жіберілді...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бірінші толқынына қатысты осылай деді

b3ded321-d408-410f-be19-0ed493883159.jpg

Бүгін Алматы қаласына жасаған сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронвирус індетінің екінші толқынына толық дайын болу қажеттігін ескертті.  

«Қазір бүкіл әлемдегі жағдай күрделі. Еуропа мен Америкада коронавирустың екінші толқыны өтіп жатыр. Осындай жағдайда біз қырағылық танытып, дайын болуымыз қажет. Пандемияның бірінші толқынынан жақсы сабақ алдық. Бұл тәжірибенің пайдасы болады. Әрине, қиын болды, қателіктер жіберілді, соның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да ағаттықтар кетті. Бұл қателіктерді жұмыс барысында жөндеуге тура келді. Дегенмен, кез келген тәжірибенің, тіпті ауыр болса да, пайдасы бар. Сондықтан екінші толқынға дайын болайық. Содан кейін бүкіл дүние жүзімен, халықаралық қоғамдастықпен бірге барлық қиындықты лайықты түрде еңсеруге тиіспіз», – деді Президент.

Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі төраға болып сайланды
Түркістан облыстық әкімдігінде кадрлық тағайындау болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу