Белгілі саясаткер Тихановскаяны Әміржан Қосановқа теңеді

Oinet.kz 13-08-2020 1254

Беларусьте президент сайлауынан кейінгі толқулар қазір әлемдік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналды.

Белгілі саясаткер Петр Своик zonakz.net порталына берген сұхбатында Беларусьтегі жағдай мен Қазақстандағы жағдайдың арасында көп ұқсастықтардың барын айтты.

4f441877-20ec-4b03-99b7-de296e991ba5.jpg- Оларды болатын нәрсе бізде қайталанады немесе оларда енді болатын жағдай бізде өтіп кеткен болуы мүмкін. Мәселен уақтында біздің өзі Тихановскаямыз болды. Оның аты Әміржан  деп аталады, - деді саясаткер. 

Айта кетері, Беларустье 9 тамызда өткен сайлауда Лукашенко жеңіске жетіп, алтыншы мәрте президент болып сайланды. Ресми мәлімет бойынша Лукашенко 80 пайыздан астам, ал оның сайлаудағы басты қарсыласы Светлана Тихановская 10 пайыздан астам дауыс алған. Тихановская сайлауда өзінің жеңілгенін мойындаған жоқ. Осыдан кейін елде әр өңірінде толқулар басталды. Беларусьте көтерілісшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыстарда адам өлімі де  болып жатыр. 

Бұған дейін аудармашылықпен, күйеуі екеуі кәсіпкерлікпен айналысып жүрген, биыл кенеттен саясатқа келіп, президент сайлауына түскен Светлана Тихановскаяның артынша  күрт айнығаны байқалады. Ол халыққа бейнеүндеуі жариялады. Бейнеүндеуде абыржып сөйлеп тұрған Тихановская жақтастарын көшеге шықпауға шақырады. Артынша оның Литваға кетіп қалғаны айтылды. 

Әміржан Қосанов былтыр президент сайлауына түсіп, 16 пайыз дауыс алған еді. Сайлаудан кейін ол  70 пайыз дауыспен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтағаны белгілі.


«Қазақта мемлекет болмаған» деген Путинге Назарбаев жауап қатты
Ертісбаев: «Беларусьтегі сайлау біздегідей ашық және таза өтуі тиіс еді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу