Шөкеев жаңа орынбасарын тағайындады

Oinet.kz 26-03-2019 859

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы тағайындалды.

Жолдымұрат Ермұханұлы 1957 жылы 4 қазанда Ақтөбе облысында туылған.

Алматы ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін үздік бітірген. 

Еңбек жолын 1974 жылы Ақтөбе облысында Уркачев совхозының №1 фермасында жұмысшы болып бастаған.

1979-2018 жылдары ҚазССР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы Жоспарлау және нормативтік ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисті, Алматы қаласында Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары – мемлекеттік кіріс инспекциясының бастығы, Ақтөбе облысы бойынша салық басқармасында бөлімі бастығы, бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаментінде бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық төлеушілермен жұмыс департаментінде бөлім бастығы, Ақтөбе облыстық қазынашылық, қаржы басқармалардың бастығы, Астана қаласы Қаржы департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласының әкімдігі Астана қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, «Қазагромаркетинг» АҚ басқарма төрағысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі болып қызмет жасаған.

2012 жылы Құрмет орденімен марапатталды.

2018 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Screenshot_19.jpg

Әнұран шырқалғанда қолын оң жағына қойған депутат ұятқа қалды
Әкімге кеңесші керек пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу