Елбасы мафияға теңеген «СК-Фармация» қызметкерлері орта есеппен 852 мың теңге жалақы алған

Oinet.kz 15-07-2020 2146

Өткен аптада Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "СК-Фармация" ЖШС-ның жұмысын сынға алып, Алик Шпекбаева басқаратын ведомстваға аталған ЖШС-ға тексеріс жүргізуді тапсырған болатын.  Қазіргі тағда тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр."Еуразия" бірінші арнасының анықтауынша, "СК-Фармация" ЖШС қызметкерлері жоғары мөлшерде жалақы алғаны белгілі болды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Сонымен, аталған ЖШС-ның экс-басшы Берік Шәріптің орнына Ерхат Ысқалиев келді. Әлеуметтік желідегілер компанияның су жаңа басшысының өмірбаянын көріп, оның медицина саласына түк қатысы жоқ екені айтуда. Сондай-ақ, оның танымал тележүргізушімен түскен суреттерін белсенді таратуда. Былыққа толы компанияны Ерхат Ысқалиевтың қаншалықты басқара алатынын уақыт көрсетер. 

Screenshot_6.jpg

Әлеуметтік желіде "СК-Фармация" қызметкерлерінің жалақысы туралы ақпарат та тарауда. Оған сенсек, 2018 жылы 129 адамның айлығына 1 миллиард теңге бөлінсе, өткен жылы 1,5 миллиард теңге жұмсалыпты. Бұл шамамен 150-ге жуық қызметкердің әрқайсысы орташа есеппен 850 мың теңге жалақы төленді деген сөз. Дегенмен, оны компания өкілдері бұл мәліметті теріске шығарған да, растаған да жоқ.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тұрғанда "СК-Фармация" жұмысын сынға алып, мафияға теңеген болатын. 

Нұртөре Жүсіп көтерген бес мәселе
Денсаулық сақтау министрі Цой Қытай елшісін «орнына қойды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу