Бостандыққа шыққан Бишімбаевтың немен айналысып жүргені белгілі болды

Oinet.kz 17-06-2020 3727

Өткен жылы қазан айының басында бостандыққа шыққан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың қазіргі уақытта немен айналысып жүргенін анықталды деп хабарлайды Oinet.kz порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

image.png

Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпты деп танылған экс-министр рақымшылыққа ілінген соң, өзінің тұрғылықты жерінде пробациялық бақылауда болады. 

Azattyq Rýhy таратқан ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев Facebook-nегі парақшасын істі болып жатқанда да өшірмеген. Ол бостандыққа шыққан соң, екі айдан кейін әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырды. 

Бұрынғы экономика министрі көбінесе классикалық музыка мен өзі оқып жатқан кітаптар туралы мәліметтермен бөлісіп отырады. 

Бишімбаев елдегі экономикалық жаңалықтар туралы да пікірін жазып отырады. Оның соңғы жазбасынан Startup-пен байланысты жобаларды қолға алғанын байқау қиын емес. 

"Ай-ти стартап үшін күш-қуаты тасыған және амбициясы басым жетекші керек. Жекеге жазыңыздар", - деп 10 маусым күні жазба қалдырған ол. 

Статусында көрсетілген мәліметтерден бұрынғы министрдің елордада тұратыны белгілі.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбев 2018 жылдың наурыз айында 10 жылға сотталған болатын. 

Оған мемлекет қаржысын жымқырып, пара алды деген айып тағылған. Шешімге сәйкес, бұрынғы шенеунік орденінен айырылып, мүлкі тәркіленген еді. Сонымен бірге, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. 

2019 жылдың 4 қаңтарында Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне ауыстырылған болатын. Ал 2019 жылы 13 ақпанда экс-министр президент жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқарған. 

Осыған байланысты бұрынғы шенеунік қазан айының он бірі күні бостандыққа шықты.

Ауруханаға түскен Біртановтың міндеттерін кімдер атқаратыны белгілі болды
Бақытжан Жұмағұлов: «Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» жоғары атағы берілсін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу