Аймағамбетов ата-аналарға үндеу жасады

Oinet.kz 29-04-2020 2387

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

photo_66597.png

"Біз қашықтан оқуға көшкенде мектеп, ата-ана және мұғалімдердің өзара тығыз байланысқа шығып жатқанын байқадық. Ата-аналар білім беру процесінің қалай жүретінін көрді. Біздің білім беру бағдарламамызды көрді, көбі ол бағдарламаның қиын екенін айтты. Ал кейбіреулер оқулықтардың сапасына қатысты сұрақтар қойып жатты.

Меніңше, қашықтан оқудың артықшылығы көп. Позитив болу керек, біз өз еркімізбен осындай жүйеге көшкен жоқпыз ғой. Мәжбүр болдық. Солай болғандықтан мұның да артықшылығы бар екенін түсіну керек.

Менің ойымша, қазір кінәлілерді іздейтін уақыт емес, проблема, кемшіліктерді іздейтін кез емес, керісінше, барлығымыз бірігіп, ортақ мақсат қойып, қоғам алдында тұрған проблемаларды шешуіміз керек", - деді министр Tengrinews.kz тілшісімен өткен тікелей эфирде.

Сондай-ақ, министр қазақстандық мұғалімдерге алғыс білдірді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған кейбір дәрігерлер 2 млн теңгелік үстемақыны алмауы мүмкін
Президент өкілеттігін кеңейтпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу