Ислам Әбішев қызметінен не үшін босатылды?

Oinet.kz 15-03-2019 957

2018100112510715.jpg

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен босатылғанын хабарлады. Оның қызметтен не үшін босатылғаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Ислам Әбішев ұзақ жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып істеген. Одан кейінгі жылдары Өскемен қаласының әкімі болған. Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін 2012 жылдан бергі аралықта атқарып келген.

Ислам Әбішевтің қызметтен кетуі Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығындағы ауыс-түйіспен байланысты болуы әбден мүмкін. Жуырда бұрынғы министр Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Министрдің креслосы мәжіліс депутаты Сапархан Омаровқа бұйырды.

Ислам Әбішев биыл мамырда зейнет жасына толады.  

Мәслихат хатшысының мәселесі алдын ала шешіліп қойғаны рас болып шықты
Қайназаровтан қайран болмаса, ауыл әкімініңкі әпербақандықтан әріге аспай тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу