Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты

Oinet.kz 26-03-2020 1329

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты. 

Screenshot_1.jpg

Тоқаев бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды:

- 64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз, –  деп жазды мемлекет басшысы.

Қарағанды қаласында тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Алматыда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу