Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Ресейлік дәрігер Александр Мясников коронавирустың шамамен қашан беті қайтатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- "Коронавирус менің ойымша, бір айдан кейін, сәуір айының ортасына қарай аяқталды", - дейді Мясников.
Оның айтуынша, коронавирус маусымдық құбылыс болып табылатын жіті респираторлық ауруды тудырады. Сондай-ақ, Мясников коронавирустың күзде қайталануы әбден мүмкін екенін атап өтті
Оның айтуынша, әзірге медицинада вирустың берілу жолдары белгісіз. Ол сондай-ақ, пандемия төңірегіндегі үрейді негізсіз деп атады, алайда карантин енгізудің маңыздылығын атап өтті.
- "Бәрі өтеді. Уайымдамаңыздар. Барынша сабырлы болған жөн. Себебі үрей - ешкімге көмектеспейді", - дейді Александр Мясников.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 49. Оның 22-сі Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда және 2-уі Қарағандыда тіркелген.
Сондай-ақ, соңғы деректер бойынша Италияда коронавирустық жағдай өршіп тұр. Соңғы деректерге сәйкес, мұнда бір тәулікте 420 адам көз жұмған. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамға жетіп отыр. Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.