Жоғалған 7 жасар қыз жертөледен табылды

Oinet.kz 10-03-2020 921

Алматы облысы Талғар ауданында іс-түзсіз жоғалып кеткен қыз бала жертөледен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

Без названия.jpg

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 наурыз сағат 20:34-те Талдыбұлақ ауылының тұрғынынан 2012 жылғы қыз баланың жоғалып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

- "Үйді-үйді аралау кезінде аталмыш ауылдағы шаруашылық қора-жайлардың бірінің жертөлесінен жоғалған бала табылды. Оқиға орнынан күдікке ілінген 1990 жылғы Н. есімді азамат ұсталды. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 120 бабының 4 тармағы ("Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау" ) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті Полиция департаментінен.

Италияда жерлеу рәсімдеріне тыйым салынды
Коронавирусқа байланысты 70 елге бармауға кеңес берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу