24 млн теңге жымқырған атыраулық енді 11 жылдан кейін жазасын өтейді

Oinet.kz 07-03-2020 1021

Атырау облысында бюджеттің 24,2 млн теңгесін өз пайдасына жұмсаған мектеп есепшісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

e3b25aa88216dd9f94617bbdcb50b188.jpg

Жылыой ауданындық сотында Жаңақаратон кентіндегі орта мектептің есепшісіне қатысты іс қаралып, сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Сотталушы 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін өзіне жоғары жалақы есептеп, банк карточкасына қосымша төлем аударып отырған. Заңсыз алынған қаржының жалпы сомасы 24 млн 247 мың теңгені құрады. Сот жазаны жеңілдету жағдайын ескеріп, сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруға соттады. Жазаны қолдану мерзімі 3 жастағы мүгедек баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Сотталушы бюджеттен жымқырған қаржыны толықтай қайтаруға міндеттелді, - делінгенп хабарламада.

Әзербайжанда Ираннан оралған үш адамнан коронавирус табылды
Италияда жерлеу рәсімдеріне тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу